Құрық портында жыл басынан бері қанша кеме өңделді? 2021 жылдың 10 айында Құрық портында 329 кеме өңделген. Фотогалерея ...
11 қараша, 2021
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Сіздерді паром кешенінің қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі айдарымыздың кейіпкері Әлтекешев Ғайни Мұфтахұлы «Құрық птрты» ЖШС маркетинг және логистика бөлімінің _ деңгейлі менеджері қызметін атқарады. 2004 жылы Алматы технологиялық университетін өндіріс технологы мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар Алматы экономикалық колледжінің экономика/қаржы және несие кафедрасының түлегі. 2009 жылы Қазақ теміржол және коммуникация университе...
09 қараша, 2021
Құрық порты арқылы ағымдағы жылдың 10 айында 762 мың тонна жүк ауыстырылып тиелген. Фотогалерея ...
09 қараша, 2021
Құрметті жолаушылар! «Құрық порты» ЖШС Құрық порты – Алят порты (Баку) бағыты бойынша пароммен сапар шегетін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жолаушылар билеттерін сату Ақтау қаласында мына мекен-жай бойынша жүргізілетінін хабарлайды. Ақтау қаласы, 5 шағын аудан, 29 үй, 1 кеңсе, ғимарат артындағы кіреберіс. Ұялы телефон: +7 (702) 206 40 71, Қалалық телефон: 8 (7292) 50-03-46, Электрондық пошта мекен-жайы: ticket@ferry.kz. Билеттер сату бойынша агент: «FERRY MANAGEMENT» ЖШС. С...
03 қараша, 2021
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Бүгінгі айдарымызда сіздерді «Құрық порты» ЖШС паромдық қызметінің жұмысымен таныстырғымыз келеді. Паромдарға қызмет көрсету қызметтің негізгі бағыттары: - вагондарды, дөңгелекті көліктерді, жүктерді түсіру және тиеу, жолаушыларды түсіру және мінгізу үшін RO-RO типті жүк-жолаушы паромдарды өңдеу; - паром алаңдарында тауарларды ұтымды орналастыру; - темір жол вагондарының жылжымалы жүк тасымалының жоспарын уақтылы және дұрыс құру, сондай-ақ, жылжымалы ...
01 қараша, 2021
Құрық портынан Бакуге дейін пароммен қанша уақытта жетуге болады? Құрық портынан Алят портына (Баку порты) дейін паромның жету уақыты 18-20 сағатты құрайды. Фотогалерея ...
28 қазан, 2021
«Каспий порттары және кеме қатынасы – 2021» 2-ші халықаралық көрме-конференциясы аясында «Құрық порты» ЖШС (паром кешенінің операторы) мен «SEMURG INVEST» ЖШС қосымша жүк тасымалы, көлік дәліздерін дамыту, Құрық портын бірлесіп дамытуды жалғастыру мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. «SEMURG INVEST» ЖШС мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ («Құрық порты» ЖШС бас компаниясы) Құрық портын дамыту бойынша ынтымақтастық 2015 жылдан бері жүргізілуде. «SEMURG INVEST» ЖШС Құрық портындағы «Саржа көп...
26 қазан, 2021
Құрық порты паромды кешені қызметкерлері Шушаков Дамир мен Нұрмағамбетов Айтқалиға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың атынан Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытуға қосқан үлесі және «Каспий порттары және кеме қатынасы -2021» II Халықаралық форумын ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді. Порт ұжымы атынан әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз және жұмыстарына сәттілік тілейміз. Фотогалерея ...
25 қазан, 2021
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Нұркенов Қайриденнің жетекшілігімен «Каспий порттары мен кеме қатынасы - 2021» 2 -ші халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында кездесу өтті. Кездесуге «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов те қатысты. Жиынның мақсаты - Каспий теңізінде кеме қатынасын дамытуға және теңіз көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді талқылау және іздеу болып табылады...
21 қазан, 2021
Бүгін, 20 қазан күні «Каспий порттары және кеме қатынасы-2021» 2-ші халықаралық конференция мен көрмесінің ашылуы өтті. Іс -шараның мақсаты - мемлекеттік және жеке сектордан әртүрлі компаниялар арасындағы өзара әрекеттестік негіздерін біріктіру және нығайту. Шара барысында Азия мен Еуропа арасындағы сауда жолдарын дамытуға бағытталған шешімдерді іздеу жолдары талқыланды. Көрмеге «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов бастаған компания өкілдері қатысты. Конференция барысында қатыс...
20 қазан, 2021
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев жұмыс сапарымен Құрық портына келді. Сапардың мақсаты - паромдық кешеннің қызметі және жұмыс қуаттылығымен танысу. Кездесу барысында вице-министр бірқатар нысандарды аралап, порттың жұмыс барысымен танысты. Құрық портының бас директоры Серік Ахметов жыл басынан бері паромдық кешені жұмысының көрсеткіштері туралы айтты, сондай-ақ Құрық порты арқылы жүктерді қайта тиеу динамикасымен таныстырды. Бұдан басқа, автокөлікпен ...
19 қазан, 2021
«Каспий порттары және кеме қатынасы - 2021» конференциясы аясында халықаралық көрмеге қатысушылар Құрық порты паром кешеніне келді. Сапардың мақсаты - Құрық портының қызметімен, пайдалану қуаттылығымен, сондай-ақ инфрақұрылымымен танысу. Делегацияны «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов қарсы алды. Ол өз кезегінде қонақтарға компанияның жұмыс барысын көрсетіп, Құрық порты арқылы пайдалануға берілген сәттен бастап жүктерді ауыстырып тиеу динамикасына шолу жасап өтті. - Қазіргі уа...
19 қазан, 2021