Жаңалықтар

Біздің қызметкерлер

Қайырлы күн құрметті оқырмандар! «Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз. Мұкашева Бақытбибі Сүлеуқызы «Құрық порты» ЖШС кірістерді есепке алу және тарифтік саясат басқармасының 3-деңгейлі менеджері қызметін атқарады. Мәскеу менеджмент, экономика және инновациялар институтын «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Мәскеу қаржы-заң университетінде «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Құрық портында 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Біздің...

13 шілде, 2023

Ақтауда "Баку жазғы энергетикалық мектебі - 2023" форумы өтті

«Баку жазғы энергетикалық мектебі» - энергетика және экология мәселелерін толық зерттеу үшін, оның ішінде Каспий теңізінің проблемаларына баса назар аударатын бағдарлама. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен танымал ғалымдар, саясаткерлер және мамандар жыл сайын дәстүрлі түрде жиналады.  Биыл өткізіліп отырған жазғы мектептің форматына өзгертулер енгізілген. Оның аясында бағдарламаға қатысушылар алғаш рет Ақтауда бас қосты. Жиынға «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов те қатысты. Бак...

12 шілде, 2023

Күндерек

Жыл басынан бері Құрық порты паромды кешені арқылы 1 100 000 тонна жүк ауыстырып тиелді. ...

11 шілде, 2023

Баку жазғы энергетикалық мектебі – 2023

«Баку жазғы энергетикалық мектебі – 2023» аясында Құрық порты паромдық кешеніне әлемнің 14 елінен 67 өкіл келді. Сапар барысында делегация Құрық теңіз портының бірқатар өндірістік нысандарын аралады. Сондай-ақ, сапар барысында Баку мектебінің өкілдері өңірдегі көлік-логистика саласын дамыту бағдарламасымен танысты. Кедендік ресімдеу ғимаратында қонақтарға жергілікті музыканттар, орындаушылар мен бишілердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Баку жазғы энергетикалық ...

10 шілде, 2023

6 шілде - Астана күні

Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды елордамыз Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мереке қарсаңында баршаңызға шын жүректен отбасыларыңызға амандық, денсаулық тілейміз, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін! ...

06 шілде, 2023

Біздің қызметкерлер

Савченко Олеся Викторовна «Құрық порты» ЖШС кірістерді есепке алу және тарифтік саясат бөлімінің 1-деңгейлі менеджері қызметін атқарады. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын және Ш.Есенов атырдағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Ы. Алтынсарин атындағы институтта оқытушы болып бастаған. 2009–2017 жылдар аралығында «М-Техсервис» ЖШС Маңғыстау филиалында ...

05 шілде, 2023

ҚР ИИД министрі Құрық портының жұмыс барысымен танысты

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Құрық портына» келді. Сапар барысында министр порттың қазіргі жұмыс барысымен танысты. Құрық портының бас директоры Серік Ахметов келген делегация өкілдеріне паромды кешеннің инфрақұрылымы мен Маңғыстау облысы теңіз порттарын дамыту жоспары аясында қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, Марат Қарабаев Маңғыстау облысындағы теңіз порттарын дамыту жо...

03 шілде, 2023

Құрбан айт құтты болсын!

Баршаңызды мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  Құрбан айт - иманды күшейтетін, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мереке. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз құт-береке мен ырыс-ынтымаққа толсын.  Бұл мереке елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында айрықша рөл атқарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! ...

28 маусым, 2023

Премьер-Министр маңғыстаулық кішкентай Әлиханның тұсауын кесті

Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүрген Үкімет басшысы өңір тұрғынының өтінішін жерге тастамай, бір жасар Әлихан есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті. «Қазақы дәстүрмен немеремнің тұсауын кесуді жоспарлап жүр едім. Сәті түсіп, Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа баламыздың тұсауын кестіріп, жақсылыққа балап отырмыз», — дейді Әлиханның атасы Қайыржан Ниязов. Үкімет басшысы бүлдіршінге ақ жол, болашағының жарқын болуын тіледі. ...

22 маусым, 2023

Германияның Федералды Президентіне Құрық порты мен көлік-логистика саласындағы жобалар таныстырылды

Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен бірге Құрық портына барып, Орта дәлізді дамыту шеңберінде жаңа көлік-логистикалық жобалармен танысты. Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Ақтау теңіз сауда портының оңтүстігінде орналасқан. Бүгінгі таңда оның өндірістік қуаты жылына 6 млн тонна жүкті құрайды. Негізінен паром кешені арқылы қазақстандық экспорттық және транз...

22 маусым, 2023

Варшавада «Польша-Қазақстан» сауда-инвестициялық форумы өтті

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды. Форум жұмысы Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға, екі елдің іскер серіктестері арасында қалыптасқан және жаңа тікелей байланыстарды орнатуға, инвестициялық жобаларды, мүмкіндіктер мен бизнесті қолдау тетіктерін таны...

19 маусым, 2023

JICA түлектері қауымдастығы өкілдері Құрық портының қызметімен танысты

JICA түлектері қауымдастығы өкілдері Құрық порты паром кешеніне келді. Теңіз портына сапары барысында Қауымдастық мүшелері порттың инфрақұрылымы мен қызметімен танысты. «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов делегация өкілдеріне паром кешенін дамытудың перспективалық бағыттары туралы айтып, өндірістік нысандармен таныстырды. Қазақстандағы JICA түлектерінің қауымдастығы 2010 жылдың наурыз айында құрылған. Қауымдастық 12 жыл бойы жапондық этикалық стандарттар мен іскерлік тәж...

14 маусым, 2023